• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №517

293 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 22 маусым , Астана қаласы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын бекіту туралы «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-28) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж.ҚАСЫМБЕК Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы №517 бұйрығымен бекітілді Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шарты ____________ қаласы 20__ жылғы «____» __________ _________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы), бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын, _________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атынан ______________________________________________________________________________________ (құзіретін растаушы құжаттың атауы) негізінде әрекет ететін, және ______________________________________________________________________ (қаржы институтының толық атауы) бұдан әрі «Қаржы институты» деп аталатын, екінші жақтан _____________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атынан ______________________________________________________________________________________ (құзіретін растаушы құжаттың атауы) негізінде әрекет ететін,_________________________________________________________________________ (әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушысының немесе вагондар (контейнерлер) операторының атауы) бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын, үшінші жақтан _______________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атынан ______________________________________________________________________________________ (құзіретін растаушы құжаттың атауы) негізінде әрекет ететін, бірге «Тараптар» деп аталатын, вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін бюджеттік қаржы есебінен субсидиялауға өтінімді қарастыру нәтижесі туралы 20__ж. «___» ________ хаттамаға сәйкес төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты. 1. Шарттың мәні 1. Уәкілетті орган Қарыз алушының «Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушының және вагондар (контейнерлер) операторының вагондарды сатып алуын несиелеуде немесе қаржы лизингінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» № ___ республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған вагондарды сатып алуға қаржылық лизинг және кредиттеу кезінде _______% (__________________________) (пайыздың көлемі жазбаша) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды (бұдан әрі – субсидиялау) жүзеге асырады. 2. Қаржылық институт осы Шартқа сәйкес субсидиялау аясында Уәкілетті органнан алған ақша қаражаты есебінен вагондарды (контейнерлерді) сатып алуға 20__ж. «___» ________ банк қарызы немесе қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – қарыз/қаржы лизингі шарты) бойынша Қарыз алушының міндеттерін орындау есебінен _______% (_______________________________________) (пайыздың көлемі жазбаша) көлемінде сыйақы мөлшерлемесін өтеуді жүзеге асырады. 3. Қарыз алушы осы Шартпен және қарыз/қаржы лизингі шартымен қарастырылған міндеттемелерді орындауға міндеттеледі. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері 4. Уәкілетті орган «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14-бабы 2-тармағының 34-27) тармақшасына сәйкес бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттеледі. 5. Уәкілетті орган мыналарға: 1) Қаржы институтымен және Қарыз алушымен Жылына бір реттен кем емес, соның ішінде вагондар орналасқан орынға шығумен ұсынылған құжаттар негізінде қарыз қаражатын мақсатқа сай пайдалануына мониторинг жүргізуге; 2) Қаржы институтынан және Қарыз алушыдан субсидиялау жүзеге асырылатын қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес жүзеге асыру шегінде вагондарды сатып алуға қатысты құжаттар мен ақпараттарды (соның ішінде қаржы-шаруашылық қызметтері құжаттары) сұратуға және алуға; 3) Тараптар үшін қарастырылған, осы шартпен бекітілген, Қарыз алушының міндеттерін орындау мерзімін сақтай отырып бақылауды жүзеге асыруға және Қаржы институтымен және Қарыз алушымен уақытылы орындауды талап ету; 4) өткізілген мониторинг негізінде: - Қарыз алушымен немесе Қаржы институтымен қарыз қаражатын мақсатқа сай қолданбау фактілерін анықтаған; - қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша қатарынан күнтізбелі 120 күн ішінде мерзімі өткен берешектер жағдайында осы Шартты бұзуға құқылы. 5) қаржы/қарыз қаражаты шарты бойынша мерзімі өткен берешектер фактісі анықталған жағдайда, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда Қарыз алушыға лизинг мәнін алып тастау және есептерді тұтқынға салу жағдайларында субсидиялауды тоқтатуға құқылы. 6. Қарыз алушы мыналарға: 1) өзінің қарыз/қаржы лизингісінің шарты бойынша міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға; 2) қарыз/қаржы лизингісінің шартына сәйкес банкке/лизингтік компанияға өтеу кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізуге; 3) Уәкілетті органға оның жазбаша талабы бойынша субсидиялау жүзеге асырылатын қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес жүзеге асыру шегінде вагондарды сатып алуға қатысты құжаттар мен ақпараттарды (соның ішінде қаржы-шаруашылық қызметтері құжаттары) ұсынуға; 4) үшінші тұлғаларға Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт талаптары мен оның іске асырылуы туралы ақпаратты бермеуге және ашпауға; 5) қарыз/қаржы лизингі шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағдайында сай келетін Қаржы институтымен куәләндырылған қосымша шарттарды 3 жұмыс күні ішінде ұсынуға; 6) жыл сайын 1-желтоқсанға дейін уәкілетті органға қол жеткен нәтижелер және қарыз қаражатын қолдану туралы ақпарат ұсынуға; 7) Уәкілетті органды басшылары, атауы, реквезиттері, заңды және тұрақты мекенжайларының өзгерістері туралы хабарлауға міндетті. 7. Қарыз алушы мыналарға: 1) Уәкілетті органнан осы Шарттың талаптарында қарыз/қаржы қаражаты шартының барлық мерзіміне вагондарды сатып алуға қарыз/қаржы қаражаты шарты бойынша Қарыз алушының міндеттерін орындау есебіне Қаржы институтына субсидияларды төлеуін талап етуге; 2) Уәкілетті органның субсидиялау бойынша міндеттерін орындау шегінде аударылған субсидия көлемі туралы ақпаратты алуға; 3) Уәкілетті органға ұсынылған құжаттар мен ақпараттарды нақтылауға құқылы. 8. Қаржы институты мыналарға: 1) Уәкілетті органға Қарыз алушымен қарыз/қаржы қаражаты шартын бұзу туралы 3 жұмыс күні ішінде ескертуге; 2) мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қолданылмаған субсидия соммасын ссы Шартты бұзу күнінен бастап 10 банктік күн ішінде республикалық бюджет кірісіне қайтаруды жүргізуге; 3) Қарыз алушы қарыз/қаржы лизнгі шарты бойынша уақтылы өтемеген немесе Қарыз алушының Қаржы институтының алдындағы төлемдерін төлеу бойынша міндеттерін бір ай дан кем емес мерзімде (қаржы лизингісінің шарты бойынша – 2 немесе одан да көп рет қатарынан) орындамаған жағдайда, ол туралы Уәкілетті органға 3 жұмыс күні ішінде хабарлауға; 4) осы Шарттың бұзылуы, Қарыз алушының қарыз/қаржы лизингі щарты бойынша негізгі берешек мерзімінен бұрын жартылай немесе толық өтелген жағдайында, 7 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға Қарыз алушы мен Қаржы институты арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісін беруге; 5) аударылған субсидия бойынша жеке банктік шортттарда арнайы есеп жүргізуге; 6) Уәкілетті органды басшылары, атауы, реквезиттері, заңды және тұрақты мекенжайларының өзгерістері туралы хабарлауға міндетті. 9. Қаржы институты мыналарға: 1) Уәкілетті органнан осы Шарттың талаптарында субсидияны уақытылы аударуын талап етуге; 2) субсидиялау бойынша Уәкілетті органның міндеттерін орындау аясында субсидия көлемін аудару туралы ақпараттарды алуға құқылы. 3. Өзара есеп айырысу тәртібі 10. Республикалық бюджеттен субсидия төлеу төлем бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) және Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартының қосымшасына сай нысанда қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша вагондарды сатып алуға кредиттеу және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Қаржыландыру жоспары субсидиялау шартына қол қойғаннан бастап Уәкілетті органмен Қаржы институты және Қарыз алушының келісімі бойынша 5 жұмыс күні ішінде бекітіледі. 11. Қарыз алушы Уәкілетті органның мекенжайына Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаржы институты ұсынған кредиттеуге немесе қаржы лизингінде сыйақы мөлшерлемесін нақты есептеу мен өтеу туралы есепті тіркей отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен Қаржы институтының есеп шотына қаражат аударуға өтінімді (бұдан әрі – аударуға өтінім) қаржыландыру жоспарында көрсетілген субсидия төленетін айдың 10 күнінен кешіктірмей ұсынады. 12. Осы Шарттың 11-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттармен келіспеген жағдайда, Тараптар 7 күнтізбелік күннен артық емес мерзімде мәліметтерді анықтауды жүргізеді. 13. Уәкілетті орган аударуға өтінім ұсынған күннен кейінгі 7 жұмыс күнінен кешіктірмей, Қаржы институтына осы Шартқа сәйкес 12 айға субсидиялау сомасын аударуды іске асырады. 14. Бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін Қаржы институтына субсидиялау сомасын аударуды іске асыру үшін, Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша мөлшерлемені субсидиялауға арналған ведомость құрады. 15. Уәкілетті орган Қаржы институтына субсидияны аудару үшін қазынашылықтың аймақтық бөлімшелеріне екі данада төлем шотының реестрін және төлем шотын ұсынады. 4. Тараптардың жауапкершілігі 16. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарт бойынша туындайтын міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындағаны үшін жауапты болады. 17. Қарыз алушы осы Шартқа қол қою арқылы Уәкілетті органға төменде көрсетілгендерге келісімін береді: 1) Уәкілетті органға мүдделі үшінші тұлғаларға субсидиялау жүзеге асырылып жатқан кредит бойынша Осы Шарт аясында алынған ақпарат пен құжаттарды, сонымен қатар банктің және коммерциялық құпияны беруге; 2) Уәкілетті органның бұқаралық ақпарат құралдарында Қарыз алушының атауын, жоба жүзеге асырылып жатқан аймақтың атауын, Қарыз алушы жобасының атауы мен сипаттамасын, сонымен қатар салаларды жариялауына. 18. Уәкілетті орган Қарыз алушыдын және Қаржы институтынан ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығына жауап бермейді. 19. Қарыз алушымен осы Шарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Уәкілетті орган осы Шартқа сәйкес сай келетін жылға жоспарланған субсидия көлемін соммасынан кешіктірген әрбір 20 күнге 0,01% көлемінде тұрақсыздық айыппұлы түріндегі ұстауды қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, субсидияны төлеу есебінен қарыз/қаржы лизингі шарты шегінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемдерді өтеуге бұдан арғы жауапкершілікті Қарыз алушы алады. 20. Қарыз алушымен осы Шарттың 6-тармағының 6) тармақшасын орындамаған жағдайда, Қарыз алушы осы Шартқа сәйкес сай келетін жылға жоспарланған субсидия көлемін соммасынан кешіктірген әрбір 20 күнге 0,01% көлемінде тұрақсыздық айыппұлын төлейді. 5. Форс-мажор жағдайлары 21. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттерін орындамағаны, тиісті түрде емес орындағаны үшін жауапкершіліктен оларды орындау форс-мажор жағдайларының салдарынан мүмкін болмаған жағдайда босатылады. 22. Форс-мажор жағдайлары орын алған жағдайда, осы Шарт бойынша міндеттерін орындай алмаған Тарап ол жағдайлар орын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ол туралы екінші Тарапқа хабарлайды. Бұл ретте форс-мажор жағдайларының әрекет ету кезеңі, орын алуы өкілетті мемлекеттік органдарының сәйкес құжаттарымен расталуы тиіс. 23. Дер кезінде хабарланбаған жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабарламағаны немесе дер кезінде хабарламағаны себебінен келтірілген зиянды өтейді. 24. Форс-мажор жағдайларының орын алуы осы Шарттың орындалу мерзімінің ол жағдайлардың орын алу кезеңіне дейін ұлғаюын туғызады. 25. Егер осындай жағдайлар 3 айдан артық жалғасатын болса, онда кез келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартуға құқылы. 6. Қорытынды ережелер 26. Шарт 20__ жылғы «__» «________» бастап күшіне енеді және 20__ жылғы «__» «________» дейін қолданыста болады. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Тараптарды өзара есеп айырысу бөлігіндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды. 27. Шарт Тараптардың өзара келісімі немесе егер басқа Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талабы бойынша бұзылуы мүмкін. 28. Шартты орындаудан бір жақты бас тарту немесе Шартты бір жақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 29. Шартты уақытынан бұрын бұзған кезде бұзуға бастамашылық жасаған тарап Шартты бұзғанға дейін кемінде бір ай бұрын басқа тарапты осы туралы хабардар етуге міндетті. 30. Тараптар пайда болған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен, келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкіндігінің болмауы кезінде - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешеді. 31. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірдей заңды күші бар және екі Тараптың қолы қойылатын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі жазбаша нысанда, екі данада Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалады. 32. Осы Шарт Астана қаласында 20___ жылғы «___» ________ Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан, бірдей заңды күші бар екі данада жасалған. 9. Тараптардың реквизиттері және қолдары Уәкілетті орган ________________ Мөрдің орны Қаржы институты _______________ Мөрдің орны Қарыз алушы ________________ Мөрдің орны Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартына қосымша Нысан 20__ ж. ________ №__ қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша вагондарды сатып алуға кредиттеу және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кестесі Жыл Қаржы институ­тының жалпы сыйақы мөлшер­лемесі Қаржы институ­тының ортақ сыйақы соммасы Суб­си­диялауға жататын сыйақы мөлш­ер­лемесі Уәкілетті органмен субсидияланатын сыйақы соммасы Қарыз алушымен өтеуге жататын сыйақы мөлшерлемесі Қарыз алушымен өтеуге жататын сыйақы соммасы Уәкілетті орган ________________ Мөрдің орны Қаржы институты _______________ Мөрдің орны Қарыз алушы ________________ Мөрдің орны Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13975 болып енгізілді.